Сейфуллин мен Амангелді көшелерінің қиылысында екі көлік соғылды

Сейфуллин мен Амангелді   көшелерінің қиылысында  екі   көлік  соғылды. Оның бірі джип  болса, енді  бірі ресейлік Lada тұлпары. Оқиға түскі сағат екіде болды. Сол  уақытта Lada көлігі  Амангелді  көшесінің  бойымен  аурухана  жаққа  қарай  көтеріліп бара жатқан. Ал джип  Сейфуллин  көшесінің   қиылысына   тақап  қалған. Алайда,  ол Ладаны  ескермей,  жүре  берген. Салдарынан  жеңіл  көлік джиптің  оң  жақ  бүйіріне  соғылған. Қатты  соққыдан  екі  жүргізуші де ауруханаға  жеткізілді. Ал  Ладаның  алды майысып қалды.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать