Балқашта қысқа тоқтың тұйықталуынан пәтерден өрт шықты

Қараменде би көшесінде тағы бір өрт оқиғасы тіркелді. Онда 1 бөлмелі пәтер жанды. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.Ал тілсіз жау оқиғасы күндізгі сағат үште басталды. Бірінші қабаттан шыққан түтінді көршілердің бірі байқап, мамандарды шақырған. Содан оқиға орнына жеткен құтқарушылар есікті бұзып кіріп, өртті дереу сөндіруге тырысты. Алайда, ашық алауды ауыздықтағанша кіре берістегі еден мен киімдер жанып кеткен. Бастысы үйде ешкім болмағандықтан зардап шеккендер жоқ.

Олег Грабовский-ТЖБ мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің басшысы:«Оқиға өрт қауіпсіздігін сақтамағандықтан қысқа тоқтың тұйықталуынан болған. Сондықтан қазір құжаттарды дайындап Ішкі істер бөліміне жібердік. Алдағы күні үйдің қожайына қарсы әкімшілік хаттама толтырылуы мүмкін».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать