Балқаш жаңалықтары 17.10.2018

1. 10 мөлтек ауданында тұрғызылып жатқан екі үйдің құрылысы 80 пайызға аяқталды. Құрылысшылар әр үйге жылу, жарық, су тартып, канализациялық жүйені қосқан. Енді үйдің ішін сылап, кермелі төбелер орнатады.

2. Балқашта жыл басынан бері кәмелет жасқа толмаған төрт қыз жүкті болып қалған. Оның ішінде үшеуі түсік жасатып, біреуі жас ана атанды. Бұл қаламыздағы «Ғибрат»атты жастар денсаулық орталығы келтіріп отырған мәліметтер.

3. Балаға қай жастан бастап жыныстық тәрбие берген жөн? Бүгін осы жайында балқаштықтардың пікірлерін білдік. Оған Дариға Назарбаеваның ұсынысы себеп болды. Сенатордың айтуынша, балаларға жыныстық тәрбие жайлы 11-13 жастан бастап айту керек.

4. Балқаштық ардагерлер мен студенттер латын қарпіне көшу бастамасын қолдайды. Бүгін аға буын мен жас буын мәдениет сарайындағы «Ақ отау» залында бас қосып, жаңа әліпбидің артықшылығы мен тиімді тұстарын талқылады. Жиында сөз алған спикерлердің айтуынша, қазір әлемде 4 млрд 200 млн астам адам латын әліпбиін қолданады екен.

5. Балқаштық Металлург Қазақстан біріншілігіндегі ақырғы ойынын өткізді. Біздің спортшылардың соңғы кездесуі Алматыда жергілікті «СКА» және «Рузаевка» командаларымен өтті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать