Балқаш жаңалықтары 15.10.2018

1. Балқаштық депутаттар, кәсіпкерлер және мелекеттік қызметкерлер Елбасы жолдауын талқыға салды. Әкімдікте өткен кездесуде алдымен әкім сөз алды. Президент өз жолдауында туризм саласын дамытып, алдағы 5 жылда Балқашқа келетін туристердің санын арттыру туралы тапсырма берген болатын.
2. Президент 2019 жылды жастар жылы деп жариялады. Бұл хабарға қуанған балқаштық студенттер бүгін «Рухани жаңғыру» орталығына жиналып, Президенттің халыққа арнаған жолдауын талқылады.
3. Қазақмыс корпорациясында көп жылдар бойы еңбек еткен ардагер мысшылар туралы журнал жарыққа шықты. Басылым «Ұлытау және Ұлт» деп аталады.
4. Ленин көшесінде асфальттың екінші қабатын төсеу басталды. Қазір мамандар 1 км жерді аяқтап қалды. Жұмыстар ағайынды Мусиндер мен Хоружая көшесінің қиылысында жүріп жатыр.
5. Михаил Руcаковтың ескерткіші жаңа орынға көшті. Естеріңізде болса осыдан 27 жыл бұрын мәдениет сарайының артына қойылған монумент жөндеу жұмыстарына байланысты шілде айында орнынан алынған еді.
6. Балқашта болашақ дәнекерлеушілер жарысы өтті. Шет, Ақтоғай және Егіндібұлақ елді мекендерінің студенттері және жергілікті колледж тәлімгерлері үйренгендерін іс жүзінде көрсетті. Бұл сайыста кім жеңіске жетті? Кім өз шеберлігін көрсетті. Ол жайында тілші әңгімесінде.
7. Балқаштық кикбоксшылар облыстан 8 медаль олжалады. Оның екеуі алтын, үшеуі күміс қалғаны қола. Қарағандыда 9 бен 13 жас арасындағы жасөспірімдер арасында кикбокстан облыс біріншілігі өтті.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать