Балқаштық кикбоксшылар облыстық жарыстан жүлделі қайтты. Қарағанды облысының біріншілігінде жерлестеріміз 2 алтын, 3 күміс, 3 қола олжалады. Жарыста еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ден астам спортшылар бақтарын сынаған. Нәтижесінде, Балқаштан барған Әлішер Нұрланұлы мен Нариман Қайыпхан 36 және 33 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды. Ал 3 күмісті балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Темірлан Латкен және дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің спортшылары Біржан Жұмағали мен Олжас Акимжанов иеленсе, Жүрсін Балтабай, Дарын Кенжебеков, Даниял Бүдеужанов сынды жерлестеріміз өз салмақ дәрежесінде қола медальды қанжығалады.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login