Балқаш жаңалықтары 03.10.2018

1.Балқашта 2 жасар бала із-түссіз жоғалып кетті. Техснаб кентіндегі жер үйде тұратын Бекнұр Дәріғұл есімді бүлдіршіннің қайда кеткені белгісіз. Кешеден бері іздеу жұмыстарына құтқарушылар мен полицейлер, ерікті жандар, тұрғындар, оқушылар , тіпті облыстық кинолог мамандар да жұмылдырылды.

2. Балқашта 127 адам мемлекеттен атаулы әлеуметтік көмек алып отыр. Жыл басынан бері оларға 3 млн астам қаржы төленген. Отбасы табысын адам басына шаққанда 14 мың теңгеден аспаса, бұл жәрдемақыға қол жеткізуге болады.

3. Ертең қалалық жағалауда қазу жұмыстары басталады. Соған байланысты мәңгілік алаудан бастап алғашқы құрылысшылар стелласына дейінгі аймақ жабық болады. Коммуналшылар канализациялық желілерді жаңаламақ. Диаметрі 900 мм болатын 500 метр құбыр салынады.

4. «Балқаш Су» мекемесі осы жазда 15 км су құбырын және канализациялық желіні жаңасына ауыстырды. Ашық жатқан 400 құбықтың бетін жапты. Мекеме осылайш қаһарлы қысқа дайындық жүргізген. Толығырақ келесі сюжетте.

5. Балқашта денсаулығына байланысты әскерге жарамсыздар көбейген. Егер былтыр 36 адам медициналық комиссиядан өте алмаса биыл олардың саны 58 ге жеткен.

6. Қаламыздағы ұстаздардың 10 пайызын ер мұғалімдер құрайды. Қазіргі таңда балқаштағы 18 мектепте 111 азамат сабақ береді. Оның басым көпшілі жан-жақты тұлға.

7. Осы аптада ұстаздар қауымы өздерінің кәіби мерекелерін атап өтеді. 1994 жылы 5 қазан мұғалімдер күні болып бекітілген. Ұстазға деген құрмет мектептен басталады. Кейбірі пән мұғалімін ұнатқаннан кейін сол пәнді жақсы оқуға тырысатыны құпия емес.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать