Балқаш маңында көлік сиырға соғылды

Шаһар маңында тағыда жол көлік оқиғасы тіркелді. Бұл жолы темір тұлпар жолдан өтіп бара жатқан сиырға соғылды. Салдарынан 2 үлкен кісі мен 2 бала зардап шекті. Оқиға, бүгін түскі сағат 12-нің кезінде болды. Балқаштан 25 шақырым қашықтықта жүйткіген «Hyundai» жол ортасында малға соғылып, апатқа ұшырады. Абырой болғанда адамдар аман. Олар бірден қалалық ауруханаға жеткізілді. Толық тексерістен өтіп, 31 жастағы әйел мен 2жасар ұлдың бас милары шайқалғандары анықталды.

Мақсат Нұртазин –травматология бөлімшесінің меңгерушісі:«Жүргізушінің хәлі жақсы. Әйел мен екі баланы тексердік. Денсаулықтары қалыпты. Бүгін оларды туысқандары келіп алып кетті. Енді олар Таразға барып әрі қарай дәрігерлік тексерістен өтетін болады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать