Балқаш жаңалықтары 02.10.2018

1.Балқаш тұрғыны жолда көлікте босана жаздады. Әйел жүктіліктің соңғы аптасында Қарағандыға бара жатқан. Алайда жол үстінде толғағы басталыпты.

2. Балқаштағы коммуналдық кәсіпорындарға қосымша ақша бөлінді. Су жылу транс және Балқаш су ұйымдары мемлекеттен субсидия алды. Қаржы қарызды жабуға және жылу маусымын дайындық жасауға жұмсалады.

3.Балқашта заңсыз балық аулаушылар мен аң аулаушыларға 1 млн астам айыппұл салынды. Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жыл басынан бері 77 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

4. Сот кабинеті-мобильді әрі қолжетімді!Енді балқаштағы сот процестеріне онлайн түрде қатысуға болады.Қалалық үкім шығарушы орган «виртуалды сот» пилотты жүйесін іске қосты.

5.Қалалық саябақ кәсіпкердің қолына өтіп кетті ме? Онда үй тұрғызылайын деп жатыр ма? Қала тұрғындарын толғандырып жүрген бұл сауалға біз жауап іздеп көрдік.

6. Егер әдемі әрі стильді киінгенді ұнатсаңыз, конкурсқа қатысып бағыңызды сынап көріңіз. Қалалық мәдениет бөлімі сәнқойлар арасында байқау жариялады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать