Балқаштық коммуналдық мекемелерге мемлекеттен субсидия бөлінді

Балқаштағы коммуналдық кәсіпорындарға қосымша ақша бөлінді. Су жылу транс және Балқаш су ұйымдары мемлекеттен субсидия алды. Қаржы қарызды жабуға және жылу маусымын дайындық жасауға жұмсалады. Екі коммуналдық мекемеге облыстық бюджеттен 400 млн теңге бөлінді. Соның 234 млн Су жылу транс мекемесіне тиесілі. Әзірге оның тек жартысы яғни 117 млны игерілді. Ұйым бұл қаржыға көмір, су және электрэнергиясын сатып алған. Ал қалған 117 млн жылу маусымын ойдағыдай өткізуге жұмсалмақ. «Балқаш су» мекемесі болса, субсидия ретінде бөлінген 160 млн теңгеге қол жеткізді. Қаржы суық су тарифын көтермеу үшін кейбір кәсіпорындардың қызмет ақысын төлеуге жұсалған.

Зәуре Шлықова–экономика және қаржы бөлімінің жетекшісі

«Кәсіпорынның сметалық құжатына кірмеген кейбір қызмет түрлері мен шығындарды жабу үшін  бюджет есебінен субсидия бөлінеді. Соның арқасында биыл суық судың тариф құны көтерілген жоқ.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать