Биыл балқаштық кәсіпкерлер 400 оқушыны мектепке дайындады

Биыл балқаштық кәсіпкерлер 400 оқушыны мектепке дайындады. Жомарт жандар « мектепке жол» республикалық акция аясында оқуға қажетті киім-кешек пен құрал-жабдықтардың барлығын сатып берді. Жалпы, аталмыш қайырымдылық шара 1тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтті. Оған 52 ата-ана қатысуға ниет білдіріп, 87 баланы мектепке дайындап беруге өтініш жазған болатын. Оған қоса,әлеуметтік жағдайы төмен 300 баланың тізімі мектептерде іріктелді. Нәтижесінде, 400-ге жуық оқушы жаңа құрал-жабдықтармен мектеп табалдырығын аттады.Ол үшін бас-аяғы 4 млн. теңге жұмсалды.

Назима Қасымова- қалалық білім бөлімінің бас маманы:«Акция 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында жүргізілді. Бізге өтініш берген, арыз жазған балалардың барлығы қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Бізге кәсіпкерлермен бірге мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ерікті жандар көмектесті.»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать