Балқашта мектеп табалдырығын жаңа аттаған 1200 оқушыға манту сынамасы салынды. Алайда 30-ға жуық ата-ана туберкулезді алдын алу үшін жүргізілетін шарадан бас тартты. Биыл қалада 1350 оқушы бірінші сыныпқа барды. Олар жоспар бойынша манту сынамасын жасатып, туберкулезге қарсы вакцинаны қабылдауы тиіс еді. Алайда 50 –ге тарта балаға денсаулықтарына байланысты сынама салынбады. Ал 29 ата-ана мантудан мүлдем бас тартқан. Осылайша тексерістен тек 1200 бала өтті. Анализ қорытындысы 690 оқушыда теріс болып, оларға туберкулез дертінен қорғайтын бцж екпесі салынды. Қалғандарында оң нәтиже көрсеткен. Енді олар БЦЖ екпесін желтоқсан айында қабылдайды.
Сәуле Қапенова — халықтың денсаулығын қорғау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлім жетекшісі:«Ата-аналар сынамаға сенімсіздік танытып бас тартты.Бірақ, ондай балалар кез-келген уақытта манту сынамасын жасатып, екпені еккізе алады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login