Балқашта тұңғыш рет Рухани жаңғыру мәдени-танымдық орталық ашылды

Балқашта тұңғыш рет түрлі жобалар мен жасампаз ойларды жүзеге асыруға арналған алаң ашылды. Мәдениет сарайындағы бұрынғы коммуналды төлеу орталығы енді Рухани жаңғыру мәдени-танымдық орталығына айналды.Онда бүгін бірінші рет салтанатты шара өтіп, тұсауы кесілді.
Рухани жаңғыру мәдени-танымдық орталығының ашылу салтанаты ашық аспан астында басталды. Алыс жолдан ат терлетіп келген 60 құрметті қонақ үшін жастар алдымен өнер көрсетті. 300 студент ұлт пен ұлыс болып сүттей тасыған елді көрініс арқылы ел назарына ұсынды.
Жастардың игілігіне берілген орталық толық жөндеуден өтіп, 4 бөлікке бөлінді. Оның бірінде енді жастар ресурстық орталығының мамандары қызмет атқаратын болады. Ал екіншісінде қаланың жас буын өкілдері бас қосып, тренинг-семинарларды еркін ұйымдастыруға мүмкіндіктері бар.

Расул Қасенхан- Рухани жаңғыру мәдени- танымдық орталығының жетекшісі «Біздің орталықта құрмет тақтасы бар. Қаламыздың жастарының ең белсендісі, спортшысы, халыққа көрініп, елге пайдалы іс жасап жүргендер ілінетін болады. Және де бұл орталықта шешендік өнер кабинеті бар. Ол толық айнамен жабдықталған. Әрбір бала өзінің сөз сөйлеу мәнерін үйренеді және методикасын дамытады».

Тағы бір айта кететін тың жаңалық мұндағы коворкинг орталығы. Бұдан былай студенттер бос уақыттарын тиімді өткізу үшін сүйікті істермен шұғылдана алады. Яғни, үстел теннисін ойнап, пікір-сайыс ұйымдастырып, музыкалық аспапты шертіп, теледидар мен ноутбукті пайдалануға болады. Барлығы тегін.

Анастасия Бабич- медициналық колледж студенті«Бұл орталықтық ашылғанына біз өте қуаныштымыз. Біз мұнда келіп жоспарларымызбен бөлісіп, бірігіп қандай да бір істерді атқара аламыз. Ерікті жандармен бас қосып қайырымдылық істерді жасайтын боламыз».

Ал білім жағына келетін болсақ, орталықта мобильді кітапханада қарастырылған. Жас оқырмандар QR-код арқылы 40 шақты кітапты электронды түрде оқи алады. Кешен аптасына 5 күн кешкі сағат 18.30 дейін жұмыс істейді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать