«100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары балқаштық жастармен кездесті

Жаңа жағдайда жаңғыру-жаңа үрдіс!Бүгін нөмір 15мектеп-лицейінде осындай шығармашылық кездесу өтті.«100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары балқаштық жастарға өз жетістіктері жайында баяндап берді. Түрлі салада үздік атанған мамандар биік белестерді бағындырудың қыр-сырын үйретті. Олардың қатарында талантты пианист Саида Қалықова, NOMAD MMA ұлттық стилінің негізін қалаушы Сергей Ан, «Үздік педагог-2017» төсбелгісінің иегері Александр Кинцель,4 тілді еркін меңгерген ғалым, докторант Қуаныш Жұмабеков пен оның ағасы ақын, мемлекеттік «Серпер» сыйлығының иегері Ержан Жұмабек бар.

Ержан Жұмабек – «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы:«100 жаңа есім жобасы атанған кезде қатты қуандық әрине.Бұл ерекше бақыт деп білеміз.1500 Қуаныш екеуміздің тіреп тұрған ешқандай көкеміз жоқ.Барымызды , жанымызды салыпөз жолымызда елге, ұлтымыздың дамуына өз үлесімізді қосып жатыр деп ойлаймыз».

Қазақ атын әлемге танытып жүрген жандар бір сағат көлемінде жас буын өкілдеріне осылайша білгендерін айтып,кітапты көп оқуға шақырды. Соңында көпшілікті қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, жыр-туындыдан үзінді арнады.

Әсем Ерғали-№15 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы:«Біздер яғни оқушылар үшін «100 жаңа есімнің» қатарына кіретін ұлы тұлғалар бізге үлгі болып келеді.Себебі біз оларға қарай қарап алға қойған мақсаттарымызға ұмытыламыз.Менде «100 жаңа есім» жобасына болашақта кіргім келеді».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать