Көлік апаты тағы бір адамның өліміне себепші болды

Балқаш маңында көлік апатынан бір адам қаза тапты. «Газель» мен «Toyota» көліктері бір біріне соғылып, адам өліміне себепші болды. 2 адам ауыр жарақатпен орталық ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға бүгін Балқаштан 65 шақырым жерде, таңғы 5 тер шамасында болды. «Газель» мен «Toyota» соқтығысқан. Нәтижесінде 33 жастағы Қарағанды тұрғыны сол жерде көз жұмды. 23 жастағы жігіт пен 33 жастағы әйел зардап шекті. Екеуі де Түркістан облысының тұрғындары. Олардың жағдайы өте ауыр, қазір орталық ауруханада жансақтау бөлімінде.

Қуат Хайдаров – Қарағанды облысы медицина және апат орталығының жетекшісі

«1995 жылғы зардап шегушінің бас сүйегіне зақым келген. Екінші зардап шегуші 1985 жылғы. Жағдайы ауыр. Екеуі де комада, әлі естерін жиған жоқ».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать