Балқашта немересі әжесін балконға қамап қойды

Балқашта немересі әжесін балконға қамап қойды. Үйге қайта кіру үшін құтқарушыларды шақыртуға тура келген. Оқиға өткен жұмада, Әлімжанов көшесіндегі 12 үйде, 5 қабаттағы пәтерде болды.  ТЖ қызметкерлері ең соңғы қабатқа көтерілу үшін баспалдақты қолданды. Бірінші қабаттан, екіге, одан әрі үшке, соңында төрттен беске көтерілді. Ал балкон есігін ашу қиындық туғызбады. Анықталғандай, 57 жастағы егде әйел кір жаюға балконға шыққан. Сол уақытта ойнап жүрген 2 жастағы немересі есікті сыртынан жауып, кейін қайтып аша алмаған. Балаға алаңдаған әйел, көршілері арқылы құтқарушыларды шақыртыпты. Ал құтқару операциясы аяқталғанша, сәби еш уайымсыз ұйықтап қалыпты.

Асылбек Болатов-ТЖБ азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы

«Автобаспалдақтың көмегі қажет болмады. Бесінші қабатқа қол баспалдағы арқылы балконға жетіп, балтаның көмегімен есікті аштық. Әйел мен бала аман-есен».

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать