Мәдениет сарайының ішкі құрылыс жұмыстары 75 пайызға аяқталды. Еден мен қабырғалар толық жаңартылды. Өнер орталығында жөндеу жұмыстар маусым айында басталған болатын. Содан бері сарайға кіре беріс пен күту залының едені толық ауыстырылды. Бұрынғы ағаштың орнына 400 шаршы метр керамика мен гранитті плиталар төселді. Концерт көретін бөлмедегі ковралан да сұр түстіге ауысты. Оған қоса, қабырғалар әктеліп, жертөле жөнге келтірілді. Енді бүгіннен бастап мамандар көрермендерге арналған орындықтардың маталарын тігетін болады.
Қымбат Кәрібай – мәдени-сауық орталығының заңгері:«Мәдениет сарайының ішіндегі қара жұмыстар аяқталды. Еденді түзетіп, қабырғаларды әктеп, сырлауды біттірдік. Енді көрермендерге арналған орындықтардың маталарын қою қызғылт түске ауыстыратын боламыз».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login