Балқаштықтар өзіне қарасты емхана мен дәрігерін ауыстыра алады

Сізге учаскелік  дәрігеріңіз  ұнамай ма?Сізге   қарасты  емхана  бөлімшесі  көңіліңізден шықпай ма? Онда сізде таңдау бар.Бүгіннен  бастап Балқашта учаскелік  дәрігерді ауыстыру  шарасы  басталды.  Яғни,  екі  айдың ішінде  кез-келген адам тұрғылықты мекен-жайына  қарамастан басқа  емхана бөлімшесіне  өте  алады.Ол  үшін  екі  қызмет  түрі қарастырылған. Бірі-egov  электронды үкімет  порталы.  Оған  тіркеліп,  медициналық бөлім тетікшесін басу арқылы  емхана бөлімшесін таңдауға болады. Ал екіншісі сізге керек емханаға  барып, өтініш  жазу арқылы  дәрігерді  ауыстыруға  мүмкіндік бар. Бірақ, міндетті түрде жеке  куәлікті  ала барған  жөн. Айта кетейік, аталмыш  шара өңірде 15 қарашаға  дейін жалғасады.

Виталий Омаров – № 1емхана бөлімшесінің  психологы:«Өтінішті тіркеу  бөлімінде қабылдайтын  боламыз.Арнайы  құжаттың формасы  дайын.Ол үшін  бар-жоғы 5-10 минут уақыт кетеді. Бірақ, егер адамның тұрғылықты  жері емхана бөлімшесіне  сәйкес  келмесе онда  дәрігерді  үйге шақыра алмайды. Соны ескеру  керек».

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать