Сүйіктісін ұрып тастаған балқаштық еркек 4 жылға сотталды

36 жастағы балқаштық еркектің бас бостандығына 4 жылға шектеу қойылды.Ол өзінің сүйіктісін өлгенше ұрып, теуіп тастағандықтан осындай жазаға тартылды.Ал мұндай қадамға күдікті сүйіктісін қызғандықтан барса керек. Өйткені, келіншек 7 күн үйге келмей кетіп, кейін түк болмағандай оралған.Оны көріп ашуланған еркек сүйіктісін жатқан жерінен оятып алып, бастан ұрған. Тіпті кейін, жерге құлатып кеудесінен тепкен. Ауыр соққының салдарынан келіншектің бірнеше қабырғалары мен мұрны сыңған. Бас миы шайқалған. Ал осының бәрін жасаған еркектің бас бостандығына 4 жылға шектеу қойылды.Енді ол осы уақыт аралығында қаладан шықпай, пробация бөлімінде есепте тұрады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать