Балқаштық зіл теміршілер Қазақстан чемпионатынан жеңіспен оралды

Балқаштық зіл теміршілер Қазақстан чемпионатынан жеңіспен оралды.10 жерлесіміз жүлделі орындарға ие болып,екеуі спорт шебері атағына қол жеткізді.Алматы қаласында өткен дүбірлі додаға елімізден 250 спортшы қатысты.Оның ішінде қала намысын қорғауға 11 балқаштық барды. Нәтиже жаман емес. Қыздар арасындағы үш түрлі сайыста Ольга Трай мен Қызғалдақ Дюзельбаева бірінші орын алды. Ерлер санатында күшін саралаған 7 спортшы үш алтын, үш күміс пен бір қолаға қол жеткізді. Олар 67 келіден бастап 125 келіге дейінгі зіл темірлерді көтерді. Сондай-ақ Санжар Саятов 110 келілі темірді жатып көтеруден күміс медальді иеленді.

Ольга Трай-пауэрлифтингтен Қазақстан Чемпионы:«Жарыста Балқаш командасы жақсы өнер көрсетті.Көбісі жүлделі орындарға ие болды. Мен үшін сәл қиындау болды. Өйткені, 1,5 жылдық үзілістен кейін қайта спортқа келіп, бірден ауыр көтеруге біраз дайындық керек болды. Бірақ, мен берілген тапсырманы орындап шықтым».

 

Сонымен қатар кілең мықтылар жиналған додада Аманжол Баубеков спорт шеберіне үміткер атанды.Ал Алексей Ногай 300 келі зілтемірді отырып көтеруден, Антон Долгонов темірді тік тұрып көтеруден спорт шебері дәрежесін дәлелдеді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать