Балқашта тұмауға қарсы вакцина егу жүріп жатыр

Екпе жасау-ауруды алдын алу. Қалада тұмауға қарсы вакцинаны қабылдау шарасы қарқынды жүргізіліп жатыр. Әзірше өңірге әкелінген 8610 дозаны балалар мен жүкті әйелдер,егде жастағы кісілер,дәрігерлер қабылдауда.
№1 емхана бөлімшесінде тұмауға қарсы екпені егу медицина мамандарынан басталды.Өйткені,бірінші кезекте дәрігерлер науқастармен жұмыс істейді. Бірақ, оған қарамастан биыл барлық балқаштықтарға былтырғыдай ресейлік «Гриппол пюлс» екпесі салынатын болады.

АзизжанАзатбеков – №1 емхананың бөлім меңгерушісі«Екпені алатын кезінде кішкентай балаларда температура болмауы керек.Үлкен адамдарда созымалы аурудың асқынуы болатын кезде вакцинаны алуға болмайды.Ол асқынуды өзіне келтіріп, содан кейін ғана алу керек».

Жалпы қалаға бірінші партиямен 8610 дана вакцина әкелінді. Оның 5 мыңнан астамы бірінші емханаға берілсе, қалғаны екінші емханаға бөлімшесіне таратылды.Ал оны бірінші кезекте дәрігерлер,кішкентай балалар мен жүкті әйелдер, диспансерлерде емделетін жандар мен 60 жастан асқан қарттар қабылдайды.Ал бұл тізімге кірмегендер тұмауға қарсы екпені ақылы түрде еккізе алады. Ол үшін қалаға жақын күндері тағы да вакцина жеткізілетін болады.

Азизжан Азатбеков – №1 емхананың бөлім меңгерушісі:« Екінші партия келгенде вакцинаны ақылы түрде алуға болады. Бірінші кезекте өзінің учаскелік дәрігеріне келіп, рұқсатын алып екпені салғыза берсе болады».

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать