Қазақстанда жолбарыс өсіруге арналған Іле-Балқаш қорығы құрылды. Бұл Қазақстандағы алтыншы қорық болады. Оның аумағы 415 мың гектар. Ол Алматы облысы Балқаш ауданында орналасқан. Қорықта «Амур» жолбарыстары өсіріледі. Ал оларды әкелмес бұрын алдағы бес жылда өсімдіктерді қалпына келтіру жұмысы жүргізіледі. Содан кейін елік пен қабан саны көбейтіледі. Бұл жобаға халықаралық ұйымдардан 120 млн теңге бөлінген. Жоспар бойынша 50 жылдан кейін ондағы жолбарыс саны 150-180 ге жетеді.
Телеканал "Оркен- Media" Балхаш © 2017 Все права защищены.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login