Қоңырат мөлтек ауданында күл-қоқысқа арналған жәшіктер жаңасына ауыстырылды.13 учаскеге 40 контейнер қойылды. Биыл «Балқаш Универсал» мекемесі Қоңыраттағы ескі жәшіктердің барлығын алып тастаған болатын. Олардың орнына біреуі 35 мың теңге тұратын жаңа темірден жасалған 40 контейнерді орнатты. Күл-қоқыс тастайтын орынның жан-жағына қоршау салды. Өйткені, ірі қара малдар үйден шыққан қалдықтарды шашып тастайтын көрінеді. Онымен қоса, бұдан былай Қоңыраттағы күл-қоқыс аптасына үш рет,яғни сейсенбі, бейсенбі, сенбі күндері шығарылатын болады.
Манат Ділдалов-«Балқаш Универсал»ЖШС учаске басшысы
«Бұрын біз Қоңыратта жиналған күл-қоқыстарды аптасына екі рет шығаратынбыз.Енді аптасына үш рет жинаймыз. Өйткені, мұндай қоқыс көп шығады. Және енді қала тұрғындары қоқыстарды өртеп, жақпаса дейміз.Өйткені, соның кесірінен былтыр өрт оқиғалары тіркелген болатын»
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login