Ленин көшесіндегі жол құрылысы 70 пайызға кешігуде. Ал бұған дейін 90 пайызға артта қалып жатқан еді. Қазір жергілікті билік жұмыс барысын жеделдету үшін асфальт төсейтін тағы бір техника алғызып, екі ауысымда жұмыс істеу мәселесін қарастырмақ.
Әне-міне деп жүріп, Ленин көшесіндегі 2 км аймаққа асфальттың бірінші қабаты төселді. Қазір мердігер компания жұмыскерлері орталыққа дейін жетіп, мәдениет сарайының алдына жол салуға көшті. Оны аяқтағаннан кейін Әлімжанов көшесіне дейінгі аралықты қолға алады. Яғни әлі 800 метр жерге асальт төсеу қажет.
Жұмыс кестесі бойынша 15 қыркүйекке дейін Ленин көшесінің бойына асфалттың алғашқы қабатын салу толығымен аяқталу қажет. Алайда, мамандардың бұл мерзімге дейін үлгермейтіндері анық. Сол себепті уақыт 1 қазанға дейін ұзартылды. Қазір бекітілген кестеден қалмау үшін асфальт төсейтін тағы бір техника алғызып, екі ауысымда жұмыс істеу мәселесі қарастырылуда.
Нұрболат Бөлеген -ТКШ бөлімі жетекшісінің м.а
«Қазір мердігер компаниямен екі ауысымда жұмыс істеу мәселесін талқылаудамыз. Бір ауысым күндіз, бір ауысым түнде жұмыс жасаса кестеге сай жұмыс істеуге болады. Оған қоса асфальт төсейтін тағы бір техника алдыру жоспарлануда.
Ленин көшесіне салынатын асфальт екі қабаттан тұрады. Қазір қалыңдығы 10см болатын бірінші қабаты төселуде. Одан кейін тағы 6 см асфальт төселеді. Келісім-шарт бойынша жолды жаңалау қараша айында аяқталуы тиіс.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login