Балқаштық боксшы қыздар Астанадан жеңіспен оралды. Жарысқа барған 5 спортшының бесеуіде жүлдеге қол жеткізді. Басқаланың 20 жылдық мерейтойына орай Астанада бокстан қыздар арасында ашық чемпионат өтті. Бұл сайыста жерлестеріміз 2 алтын, 2 күміс және 1 қола олжалады. Чемпион атағын алған спортшылардың бірі Гүлназ Бөрібаева. 15 жастағы боксшы 48 келіде қала намысын қорғады. Ақтық сында астаналықпен жекпе-жекке шықты. Қарсыласын техникалық нокаутқа жіберіп, екінші раундтта жеңіске жетті.
Гүлназ Бөрібаева- Астанада өткен ашық чемпионат чемпионы
«Мен өз қаламның намысын қорғап, жеңіске жеткеніме, жаттықтырушының үмітін ақтағаныма қуаныштымын. Бұл әрине менің алғашқы жеңісім емес. Алда әлі талай жарыстар бар. Енді соларға дайындаламыз».
Ал екінші алтынды олжалаған Гүлсезім Абылхан. Финалда Павлодар облысынан келген Қазақстан чемпионымен кездескен. Жерлесіміз 3 раундттың қорытындысы бойынша, 3 -0 есебімен ұтып, қарсыласын чемпион титулынан айырды.
Гүлсезім Абылхан-Астанада өткен ашық чемпионат чемпионы
« Көптеген жарыстарға қатыстым. Оның алдында Қарағанды облысының екі дүркін чемпионы болдым. 01:20 Қызығушылық Фируза Шариповаға қарап, сол кісіге қызықтым. Содан кейін келдім. Бокста жүргеніме 2 жыл болды. Өкінбеймін шыны керек.
Сондай-ақ Балнұр Оқубаева және Рахат Аружан күміс жүлдемен оралды. Ал Аяулым Қайырбекқызы қолаға қол жеткізді. Енді қыздар Қарағандыда өтетін облыстық жарыста бақтарын сынайды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login