Балқашта күзгі тазалық науқаны басталады

Осы аптада балқашта күзгі тазалық айлығы басталады. Бейсенбіден бастап қарапайым тұрғындар мен мемлекеттік қызметкерлер көшелерден бөлек, қоғамдық орындарды да күл-қоқыстан арылтады. Ол үшін шаһар іші 24 учаскеге бөлінді.Әрқайсысына жауапты мамандар тағайындалды. Енді қала тұрғындары 13 күні алғашқы бейсенбілікке шығып, сенбі күні санитарлық тазалау шараларына кіріседі.Ал тазалық науқаны 10 қазанға дейін жалғасатын болады.

 Нұрболат Бөлеген- ТКШ бөлімінің жетекші міндетін атқарушы:«Сәрсенбі күні бүкіл қаланың активін жинап, барлық мекемелердің басын қосып түсіндіру жұмыстарын жүргізетін боламыз.Сенбілік бүкіл халықтық жұмыс.Сондықтан оған бәріміз бірігіп, қаламыз тазарып қалатын еді».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать