Балқашта ата-аналар баласына манту сынамасын салдырудан бас тартуда. Ал бұл профилактикалық шара бүлдіршін 6 жасқа толғанда ағзасында түберкулез инфекциясы бар ма, жоқ па соны анықтау үшін жасалады. Оның қорытындысы оң болса бала қосымша тексерістен қөтеді. Теріс болған жағдайда 5 жылға дейін түберкулез дертінен қорғайтын «БЦЖ»екпесі салынады. Алайда, аурудың алдын алуға арналған шараға қазірдің өзінде 23 ата-ана қарсылық танытып отыр.
Бүгін 6 жасқа толған №7 мектеп-гимназиясының оқушыларына манту сынамасы салынды. Ол тері астына туберкулез бактерияларын анықтайтын «туберкулин» ертіндісін енгізу арқылы жасалады. Реакциясы 72 сағаттан кейін байқалады. Егер ине салынған жерде пайда болған «папула» ұлғайып өссе, жан-жағы қызарып, бөртсе онда бала ағзасында туберкулез инфекциясы болуы мүмкін.
Шохрух Нематуллаев-жалпы практика дәрігері:«Манту оң болатын болса, біз оларға жалпы қан анализін жібереміз, сосын ренгентге түсіріп, фтизиатрға жібереміз. Фтизиатр оны бір жыл көлемінде есепке алады, бақылау жасайды. Келесі жылы тағы манту саламыз. Ол оңтайлы болған соң үйдегі әке-шешесінде тексеру керек».
Жоспарға сәйкес Балқашта 1200-ге жуық бүлдіршінге манту сынамасы салынады. Қазіргі таңда 600 оқушы тексерілді. Соның 100-де оң реакция байқалған. Енді ол балалар қосымша тексерістен өтеді. Алайда, аурудың алдын алуға арналған шарадан кейбір ата-аналар бас тартуда. 23 адам қарсылық білдіріп, баласына манту сынамасын салдырмаған.
Күлшайра Маканалина-фтизио-педиатр;«16:37 Бастартушылықтың себебі вакцинаға сенімсіз қарайды. Туберкулездің бірден бір профилактикалық әдісі БЦЖ екпесі. Оны туған кезде және 6 жаста алады. Екпе баланы 5 жылға дейін туберкулезден сақтайды».
Балқашта соңғы рет балалар арасында түберкулез дерті осыдан 4 жыл бұрын тіркелген. 2 жастағы бүлдіршін туберкулез менингитімен ауырған. Себебі бала туғанда ата-анасы қарсылық танытып, бцж екпесін салдыртпаған. Осындай жағдай қайталанас үшін дәрігерлер вакцинадан бас тартпауға шақырады. Бүгіннен бастап манту сынамасы теріс нәтиже берген балаларға бцж екпесін салу басталды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login