Қазақстандықтар ТМД елдерінің ішіндегі ең аз қозғалатын халық

Қазақстандықтар ТМД елдерінің ішіндегі ең аз қозғалатын халық. Бұл туралы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Сарапшылардың зерттеуі бойынша Қазақстанда халықтың 30 пайызы мүлдем спортпен шұғылданбайды. Олардың көбісі отырып жұмыс істейтін топ. Ал мұндай өмір салты арқа, мойын және бел ауруларына әкеп соқтыруы мүмкін.  Сонда кеңседе, компьютер алдында отырып өз денсаулығыңды қалай күтуге болады?

Орталық кітапхана қызметкерлерінің жұмыс күні шәй ішуден емес жаттығу жасаудан басталады. Кітапханашылар музыка ырғағымен арқа, мойын, қол, бел, аяқ бұлшық еттерін шынықтырады. Бұл әдіс денсаулықты нығайтып қана қоймай, жұмысты көтеріңкі көңіл күймен бастауға септігін тигізеді.

Айгүл Өмірзақ – кітапханашы

«Жұмысқа келер уақытта 10-15 мин көңіл бөлеміз. Жаттығу жасап. Дене бітім, сымбатымызды келтіру үшін.  сергіп жақсы көңіл күймен жүру үшін.

Ал компьютер қол созымдай жерде тұрған дұрыс. Яғни қолды алға созғанда мониторға тиуі қажет. Көздің көру қабілеті  төмендемесін десеңіздер онда қарашыққа арналған гимнастика жасауды ұмытпаңыздар. Алақанды бір-біріне уқалау арқылы ысытып, көзге басу керек. Одан кейін оңға, солға, төмен, жоғары қараймыз. Жақындағы затқа бірнеше секунд тоқталып,  одан кейін алысты көздейміз. Жаттығуларды күніне бірнеше рет қайталау керек.

Салтанат Маханова-офтальмолог

«Үзіліс жасаған кезде, көзге гимнастика жасау керек. Ол гимнастика көздің бұлшық еттерін босаңсытып, көру өткірлігін жақсартады.  Гимнастикалар өте көп. Қарапайым. Алысқа қарау көздің бұлшық еттерін жақсы босаңсытады».

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше қазақстандықтар ТМД елдерінің ішіндегі ең аз қозғалатын халық. Біздің отандастар Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан секілді елдерді басып озды. Бұл мемлекеттерде жалқаулардың саны 17, 19 пайызды құраса, Қазақстанда бұл көрсеткіш 30 пайызға жеткен.

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать