Жол апатынан зардап шеккен Шашубай кентінің тұрғыны әлі ауыр жағдайда

Бектау-ата маңында болған жол апатынан зардап шеккен Шашубай кенті тұрғынының жағдайы әлі ауыр.  Ал қалған екеуі тұрғылықты мекен-жайы бойынша ем алу үшін  Алматыға кеткен. Еске сала кетейік, өткен жұмада Аламты-Екатеринбург трассасының  736 шақырымында «тайота прада» мен  «ниссан» соқтығысты. Апаттың салдарынан оқиға орнында 35 жастағы балқаштық қаза тапты. Тағы 3 адам зардап шекті. Бірі 36 жастағы Ботақара кентінің тұрғыны. Оның иығы сынған. Ал екіншісі 25 жастағы Алматы  облысының тумасы. Бас ми жарақатымен ауруханаға түсті.Екеуі де ем алу үшін Алматыға кеткен. Үшіншісі 26 жастағы Шаубай кентінің тұрғыны. Ол көп қан жоғалтқан. Қазір жан сақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлердің айтуы бойынша, жағдайы ауыр.

Мақсат Нұртазин –травматология бөлімшесінің меңгерушісі

«Ол бас ми жарақатын алған. Сол жақ қабырғасы, сан сүйектері сынған. Жабық іш жарақаты бар. Көкбауыры үзілген.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать