Балқаштық дәрігерлер жексенбі күні қабылдау жүргізді

Балқаштық дәрігерлер халық үшін жексенбі күні жұмысқа шықты. Тұрғындардың өкпесін, жүрегін тексеріп қан қысымы мен салмағын өлшеді. Демалыс күні қалада денсаулық фестивалі өтті. «Ақ теңіз» бассейінінде шағын медициналық қалашық құрылып,  дәрігерлер балқаштықтардың денсаулығын тегін тексерді.

Денсаулық фестивалі ойын-сауық бағдарламасынан басталды. Шоумен салауатты өмір салтына қатысты түрлі сұрақтар қойып, балқаштықтар арасында қызықты  ойындар өткізді. Шараға тұрғындар мен қоса медиктер де белсене қатысты.

Ал бұл уақытта жылжымалы флюрографиялық кешеннің алдында кезекке тұрған елдің қарасы көбейе бастады. Сұрастыра келе көбісінің тексерістен жылда өтпейтіндігі анықталды. Ал статистика бойынша биыл Балқашта туберкулез дертін 22 адам жұқтырған. Оның 50 пайызы 2 жыл және оданда көп уақыт  флюрографияға түспегендер.

Тұрғындар:

» прохожу не каждый год, года 2 назад проходил».

«Былтыр августе өттім, Жыл сайын өтиемін. Өз өзімді қадағалаймын.Қаралып, өз өзімді күтемін».

» Былтыр майдың аяғында өткенмін. Енді мынаған келіп тұрмын. Өте көңілді фестиваль болып жатыр екен».

Ал бассейннің ішінде түрлі сала дәрігерлерлі тұрғындарды жолдамасыз қабылдап, тегін  кеңес берді. Одан бөлек халық салмағы мен қан қысымын өлшетіп, жүрегінің саулығын тексертуге мүмкіндік алды.

Гаухар Смағұлова-Балқаш қаласы бойынша қоғамдық денсаулық қызметінің координаторы

«Бұл шара республика бойынша жүргізіліп жатқан акция. Қанша адам келеді, солардың барлығын қабылдаймыз. Денсаулықтарында ақау табылып, тексерістен өту керек болса, аймақтық мамандарға жодама беріледі.

Денсаулық акциясының қорытындысы бойынша 69 адам дәрігерге дейінгі тексерістен өтті. 22 тұрғын психолог көмегіне жүгінсе, 25 әйел фельдшерден кеңес алды. Тағы 25 адам жалпы практика дәрігеріне қаралған. Сондай-ақ 52 балқаштық өкпесін, 21 тұрғын жүрегін тексертті.

 

 

 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать