Оқушылар сарайында жаңа үйірмелер ашылды

Балқаштық оқушылар киізден бұйымдар жасап үйрене алады. 3Д принтер арқылы Балқаш экологиясын суреттейді. Оқушылар сарайында жаңа үйірмелер ашылды.  Қазір балаларды қабылдау жүргізілуде.

Көл өнер үйірмесіне қатысушылар өздерінің жүннен жасаған алғашқы жұмыстарын аяқтауда. Сұлу аруды суреттеуге 1 ай уақыт кеткен. Ал ол үшін алдымен фетрге матаны керіп алып, оған түтілген жүнді ине арқылы енгізеді. Керек жағдайда, жүнді ыстық сумен сулап отыру қажет.

Айтолқын Қайдар-«Асылшебер» ұлттық қол өнер үйірмесінің жетекшісі

« Бізде 3 техника бар. Біріншісі батик, екіншісі жүнді түтіп тоқу, екіншісі гобилен.  Жеті топ болады. 7 топта 12-15 баладан болады. 9 жастан басталады.

Жаңадан ашылған келесі үйірме жас экологтарға арналған. Оқушылар мұнда Балқаш өңірінде өсетін өсімдіктерді, құстар мен жануарларды таниды. Балалар 10 жастап бастап қабылданады.

Айғаным Төкен –№16 мектеп оқушысы

«Жануарлар мен өсімдіктерді білгім келеді. Балқаштың экологиясын білгім келеді.  Өзіме ұнайды, қатысқым келеді».

« Осы үйірме қызық, мен осы жерге қатысамын.Құрбыммен. Өте қызық үйірме екен».

Ал көрші кабинетте оқушылар 3 Д принтердің жұмысымен танысуда. Заманауи аппарат бірнеше минуттің ішінде жоғары темпаратураның көмегімен пластикке жаңа пішін береді. Компьютерде көрсетілген үйлгіні айна қатесіз қайталайды.

Ниязбек Әбілдин-Абай атындағы №2 лицей оқушысы

«Өз ойыңдағы заттарды 3 Д принтер өзі шығарып береді. Қызықты екен. Ол өте маған ұнады».

Оқушылар сарайында жалпы 25 үйірме жұмыс істейді. Барлығы тегін. Тек би мен аспапта ойнауды үйрену ақылы. 16 қыркүйік күні осында ашық есік күні өтеді. Ата-аналар балаларымен келіп, үйірмелермен жақынырақ танысып, қалағанына жазыла алады.

 




Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать