Балқашта жарық ақысы қымбаттауы мүмкін

Балқашта жарық ақысы 1 қазаннан бастап 56 тиынға қымбаттауы мүмкін.Ол туралы электр энергияны жеткізуші компания халықпен ұйымдастырған кездесуде мәлім етті.Айтуларынша,тоқ көзін таратушы «Балқашэнерго» 1 шілдеде транспорттық қызмет ақысын 4 пайызға көтерген.Сәйкесінше, Қазэнергоцентр жарықтың тарифін өзгертпекші.Ол үшін табиғи монополиялар реттеу агенттігіне өтініш жазып, жеке тұлғаларға бір киловат құны 16 теңге 24 тиын болсын деген жобаларын ұсынды.Бірақта,мұндай өзгеріске балқаштықтар келіспей отыр.Жиынға жиналған 50 адам жарық ақысы онсызда қымбат деген пікірде.Дей тұрғанмен,жарықты жеткізуші компанияның бұл нақты шешімі емес.Себебі,аталмыш жоба 24 қыркүйекке дейін табиғи монополиялар реттеу агенттігінде қарастырылатын болады.Тек содан кейін қорытынды шығарылады.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать