Балқаштықтар денсаулықтарын тегін тексерте алады

Қалалық №1 емхана сенбі күні ашық есік күнін өткізеді. Осы емдеу мекемесіне тіркелген тұрғындар алдын-ала жазылмай-ақ, дәрігерлерге көріне алады. Терапевт, педиатр, кардиолог және гинеколог таңғы сағат 9.00 дан бастап түскі 13.00 -ге дейін қабылдау жүргізеді. Сондай-ақ, ультра дыбыстық зерттеуден және флюрографиялық тексерістен өтуге болады. Оған қоса қан қысымын өлшетіп, қан құрамындағы холестерин, глюкоза деңгейін біле аласыздар. Ашық есік күні 8 қыркүйек күні Сейфуллин көшесі, 40 ғимаратта орналасқан кеңестік-диагностикалық орталықта өтеді. Ал 9 қыркүйекте «Ақ теңіз» бассейнінің алдына денсаулық фестивалі ұйымдастырылады. Шара барысында тұрғындар жылжымалы флюрографиялық кешенде өкпесін, ал жедел жәрдем көлігінде жүрегінің саулығын тексерте алады. Қабылдау  уақыты күндізгі сағат  11.00 бастап түскі 13.00-ге дейін.

Виталий Омаров-№1 емхана психологы:«Ешқандай жолдама, алдын-ала жазылудың керегі жоқ.  Мамандар терапевт, гинеколог, педиатр мамандарына көрінуге болады. Флюраға түсіп, ЭКГ-дан өтуге болады».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать