Бүгін халықаралық қайырымдылық күні

Бүгін халықаралық қайырымдылық күні. Бұл дата 1997 жылы ауруға шалдыққан Тереза ананың құрметіне қойылды. Өйткені, қайырымдылық істермен танымал болған әжей 5 кыркүйек күні жер қойнауына тапсырылған еді.
Қаламызда алғаш ашылған оңалту орталықтарының бірі- «Мир добра».Биыл бұл кешен атауын өзгерткенімен, көрсететін қызметі бұрыңғыша. Яғни, 5 бөлмелі пәтерге зорлық-зомбылық көрген әйелдер қауымы паналай алады. Қазір мұнда 6 келіншек 2 баламен күндерін көріп жүр.

Руслан Кван- Әйелдерге арналған оңалту орталығының директоры:«Біздің орталық қыз-келіншектерге психологиялық, заңдылық- құқықтық тұрғыдан көмек беруге дайын.Әлеуметтік орталық 24 сағат бойы жұмыс істейді.Бізге келгендер 10 тәулікке дейін тұра алады».

Ал ерлер үшін осындан 7 жыл бұрын «Жанашыр»әлеуметтік баспанасы ашылғантын.Осы уақыт аралығында барар жері ,басар тауы қалмаған 300 адамға көмек көрсетілді. Оның ішінде 20 азамат жеке куәліктерін жасатып, 7-уі зейнетақыларын рәсімдеп алды. Және де кейбірі мүгедек статусын алып, қарттар үйіне орналастырылды. Тағы 3 жігіт тұрақты жұмысқа қабылданды.

Дәкен Терлікпаева-«Жанашыр» кризистік орталығының директоры:«Тамақ беру бұл жерде көзделмеген.Сондықтан бұлар тамақты қайырымдылық асханасынан ішеді.Басқа уақытта ішінде жәрдемақы алатындар өздері алады.Жұмыс істей алатын жалдамалы бір жерге барып жұмыс істеп келеді».

Сонымен қатар, ауыр дертке шалдығып, еміне қаражат таппай жүрген балқаштықтарға «Үміт үзбе»қоғамдық бірлестігі жәрдемін беруде.Бүгінде ерікті жандардан құралған топ мүшелері қайырымдылықты ұран қылып, ақпан айынан бері 4 балаға көмектесті. Ауыр сырқатқа шалдыққан науқас тұрғындарға концерт ұйымдастырып, арнайы жәшіктерді қойып 3 миллион теңге жинап берді.

Оралхан Барланов- «Үміт үзбе» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:«Біз көбінесе мұқтаж жандарға ақша жағынан көмектесеміз.Және киім-кешектері жоқ,аз қамтылған тұрғындарға қол ұшымызды созып, қажетті заттарын тауып беруге тырысамыз.Бірақ,ақашалай көмек алу үшін тиісті құжаттарды тексереміз.Тек содан кейін ғана іске кірісеміз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать