Балқаштық тұрғындар жертөледен шығатын сасық иіске тұншығып, масаға таланып отыр

Шағымды кімге айтамыз, мәселені кім шешеді?Бұл Ленин көшесіндегі 80 үйде тұратын адамдардың жан-айқайы.Өйткені, тұрғындар суға толы жертөледен шығатын сасық иіске тұншығып, көк аладай шағатын масаларға жем болып отыр.Олар коммуналды мекемелерге бірнеше рет арыз жазғанымен,нәиже мардымсыз.Себебі, кск мекемесі суды сорып алғанымен, келесі күні үйдің асты қайта суға толып кетеді.
2 жасар Еркеназға анасы сағат сайын масаға қарсы дәрі жағып, спрейін сеуіп қояды. Өйткені, Ленин көшесіндегі 80 үйде қансорғыштардың көптігі сонша, күндіз де маза бермейді.Оған қоса,жертөледен жоғарға дейін жететін сасық иіс тағы бар.

Гүлниет Қарғалтаева- Ленин көшесі, №80 үйдің тұрғыны:«Осы үйді наурыз айында сатып алдық.Сәуір айынан бастап тұрамыз.Сол кезден бері жертөледен келген иістен үйімізде маса. 0429Жататын кезде мынандай дәрісіз жата алмаймыз.Себебі, мұны себеппесе баланы талап тастайды.Мұның бәрі қауіпті.Масаның таблеткасын жағамыз».

Тұрғындардың айтуы бойынша,соңғы 10 жылда жертөле судан арылмай келеді. Соның кесірінен масалар көпқабатты үйдің пәтерлеріне дейін жеткен.Оны айтып «Балқаш Суға» арыз жазғанымен, олар біздің кінәміз емес деп хатқа жауап қайтарған. Ал «Балқаш Универсал» КСК-сы шағым бойынша күнәра келіп, жертөлені тазалап тұратын көрінеді.

Владимир Морозов-Ленин көшесі, №80 үйдің тұрғыны:«Жертөле ылғи су астында.Мен мұнда 91 жылдан бастап тұрамын. Соңғы 10 жылда тіптен өршіп кетті. Құдықтардың барлығы су. Кск өз жұмыстарын атқарып кетеді. Ал басқасын көрмейміз».

Қарлығаш Есенқұлова- Ленин көшесі, №80 үйдің тұрғыны:«Мен 6 жыл тұрамын.6жыл бойы осы.Күллі жерге бардық.Әкімшілікке, Балқаш Суға бардық. Уәде береді де қояды.Ешкім ештеңе жасамайды.Сол балалар да ауру болды.Елдер подьздге кіре алмайды сасықтан».

Бізде  бүгін  мәселенің  анық-қанығын  көзбен көру үшін КСК  қызметкерлерімен бірге   жертөлеге түстік. Иә, онда жағымсыз иісті  есепке  алмағанда  жер  асты су. Тек  бер жағы  ғана дымқал.

Қайрат Алтынбеков-«Балқаш Универсал»КСК №4 учаске шебері
«Бұл үй бәленбай жыл бойы сумен тұр. Подвалы су. Біздің кінәміз жоқ енді.Халықтың арыздарымен күнде келіп тексеріп отырамыз.Өзіміздің подвалды.2108 Тұрғындар масалар дейді. Оларды дәрілейміз.Сосын насоспен откачка жасағанбыз. Ол ертеңінде қайта толады».

Оған қоса, коперативті мекеменің сөзіне сенсек, Ленин көшесіндегі 80 үйге қарасты Балқаш Судың құдықтары суға толып, бітелген. Сол себептен, үйден шыққан су орталық желіге өтпейді.Алайда, оған Балқаш Сулықтардың өз жауабы бар.

Виталий Матюшкин- Балқаш СУ» КМК өндірістік техникалық бөлім басшысы:«Бұл мәселеден хабардармыз.Жертөледегі суға анализ жасап, ол дренажды су екені анықталды. Бірақ, бізде дренажды жүйе істеп тұр.Бітелген жері жоқ. Ал құдықтардың суға толып кетуін анықтаймыз. Оған бір жүйеде орналасқан жеке меншік үйлер себеп болуы мүмкін.Ал тексеріс жұмысқа келесі аптада кірісеміз».

Осылайша коммуналды мекеме ант су ішті. Дей тұрғанмен, шырмауықтай шырмаланған мәселені тұрғын үй-инспекциясы қадағалап, шешуге уәде берді.

Адамия Майлаяқов- қалалық тұрғын үй инспекциясының инспекторы:«Ылғы Балқаш Судың адамдарын шақырамыз.Көріңіздер.Мына жерде неге су жатыр деп.Анализ алады.Анализден ешқандай нәтиже жоқ.Әкімнің тапсырмасы бойынша Балқаш Суға берілген.Осы жертөлеге су қайдан келетінін шешіңдер деген. Әкімге хатпен шығамыз. Бұл мәселені шешеміз».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать