Балқашта суға түсу маусымы аяқталды. Өйткені, судың температурасы плюс 17 градусқа түсті. Сондықтан енді көлге шомылуға болмайды. Әйтпесе, суықтан сіңір тартылып, ауырып қалуыңыз ғажап емес. Ал, жалпы жаздағы демалыста 2 адам судың құрбаны болды.Соңғы екі айда13 жастағы балқаштық оқушы пен 34 жастағы астаналық жігіт көлге батып кетті.Бозбаланың денесі қалалық кеме жағалауынан,екіншісінікі Тораңғалық кентіндегі көлден алып шығарылды.Оған қоса,екі балықшы жазатайым жағдайдан аман қалды.
Евгений Зинченко – судан құтқару бөлімшесінің бас құтқарушысы:«Жалпы, биылғы шомылу маусымы жақсы аяқталды. Профилактикалық,түсіндірме жұмыстарды көп атқардық.Былтырғыға қарағанда судағы қауіпсіздікке мән беретін саны көбейді».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login