Биыл жаңа оқу жылы жаңа өзгеріспен келді. Енді информатика сабағы 5 шы сыныптан емес 3 сыныптан басталады. Оған қоса оқушылар қазақ әдебиеті, тарих сабақтарымен қоса өлкемен танысатын болады. Осы жылы оқу бағдарламасына өлкетану курсы енгілізіп отыр.
Енді оқушылар бұрынғыдай 5 сыныптан емес компьютер тілін 3 сыныптан бастап меңгереді. Соған байланысты қала мектептерінде төменгі сынып білім алатын кабинеттерге проекторға қосылған компьютер орнатылған. Информатика пәнін бастауыш мұғалімі оқытады. Сабақ аптасына 1 рет жүргізіледі.
Омар Сәтжан-Мектеп директорының орынбасары
«Жалпы биылғы оқу жылынан бастап информатика пәні 3 сыныптан бастап оқытылады. Жаңартылған білім мазмұны аясында. Жалпы біздің лицейде 123 компьютер жабдықталған. Оның 9 интерактивті доска. Былтыр 4 ПИК келген. Олар бастауыш сыныптарға қойылды.
Жаңа оқу жылының тағы бір өзгерісі-өлкетану курсының енгізілуі. Енді 5,6, 7 сынып оқушылары қазақстан тарихы, әдебиет және музыка сабақтарында қазақстанның тарихи жерлерімен, ескерткіштерімен жақынырақ танысатын болады. Алайда, әзір емес. 2019 жылдан бастап. Яғни қаңтар айынан кейін.
Күлзия Бейсекина-тарих пәні мұғалімі
« Өлкетану бойынша өзіміздің өлкемізді танимыз. Өлкеміз арқылы ұлы тұлғаларды тану. Тарихи ескерткіш орнындарды тану. Осының бәрін тереңдетін оқуда, Рухани жаңғыру аясында жүзеге асады».
Биылғы оқу жылынан бастап 3,6,және 8 сынып оқушылар жаңа кітаппен оқитын болады. Қазір оқулықтар мектептерге жеткізіліп, балаларға үлестіріле бастады. Ал егер ауыр кітаптарды арқалап жүргіңіз келмесе онда QR код арқылы электронды түрін планшетке жүктеп алуға болады. Оған ьілім министірлігі ресми түрде өз рұқсатын берген.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login