Саят құруды ермек ететін жандар үшін жағымды жаңалық. Елімізде күзгі аңшылық маусымы басталады.1 қыркүйектен бастап суда жүзетiн құстарға, тұяқты жануарлар мен жыртқыштарды атуға рұқсат. Ол үшін бүгіннен бастап жолдама берілуде.Өйткені, бес қаруын асынғандар тиісті құжатсыз аңшылыққа шыға алмайды. Әйтпесе, қомақты айыппұл төлеуі мүмкін.Сондай істің нәтижесінде былтыр 9 аңшы нәпақаларынан айырылғантын.Жалпы күзгі аңшылық 30 қарашаға дейін жалғасады. Бірақ сейсенбі және сәрсенбі күндері аң атуға болмайды.Айта кетейік, бүгінгі күні Балқашта 320 аңшы тіркеуде тұр.
Нина Кубрикова-«Ақ сұңқар» балықшылар және аңшылар қоғамының төрайымы:«Аңшыларға жолдама беру бүгіннен басталды. Оны балықшылар және аңшылар қоғам орталығынан келіп алуға болады. Аңшылық 30 қарашаға дейін жалғасады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login