Балқашта білім беру саласы қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті

Өткен оқу жылының қорытындысына сәйкес қаламызда 4 мектеп үздік атанып, жыл мұғалімдері анықталды. Осындай ақпарат дәстүрге айналған «Тамыз конференциясында» белгілі болды. Және педагогтар бас қосқан аталмыш жиын аясында жаңа білім беру тәртібі жайлы шеберлік сағаты ұйымдастырылып,Бұқар жыраудың 350 жылдығына арналған қойылым ел назарына ұсынылды.
Оқыған кітапты өзгемен алмастыру. Осындай мақсатта қалалық оқушылар сарайының алаңында алғаш рет буккроссинг атты үлкен акция ұйымдастырылды.Шараға әрбір мектептің оқушылары жаз бойы оқыған оқулықтарын әкеліп, кітаппен алмасудың жолдарын көрсетті.Және балғындар қыркүйектен бастап, әр сенбі күні оны іске асырып отырмақшы ниетте.

Балнұр Исенова – №7мектеп-гимназиясының оқушысы:«Мұнда оқушылардан бөлек ата-аналарда, ұстаздар да келіп кітап оқи алады.Біз көбінесе көркем әдебиет тақырыбындағы кітаптарды оқимыз.Қазақша, орысша, тіпті ағылшын тілінде».

Балалар кітаппен алмасып жатқанда,конференцияға келген ата-аналарға тренинг өткізілді. Шеберлік сағатында үш тілділік пен цифрлық жүйе туралы айтылды. Оған қоса, баланы оқуға қалай ынталандырудың жолдары көрсетілді.Дәстүрге айналған тамыз конференциясының соңында қаланың үздік мектептері анықталды. Өткен жылдың қорытындысына сәйкес нөмір 2,15,17 және 25 оқу ордалары марапатқа ие болды.

Көңілді нотада аяқталған жиын соңында көрермен назарына Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» атты тарихи эпопеясынан қойылым ұсынылды.Сахна төрінде оқушылар Бұқар Жыраудың 350 жылдығына орай батырдың рөлін сомдады. Оның Абылайханға берген кеңестерінен үзінді оқыды.

Қадырбек Ыдрысов – № 2 мектеп-лицейінің оқушысы:«Менің ойнаған рөлім Бұқар Жырау. Бұл рөл өте қиын.Себебі бұл рөлді ойнау үшін сен эмоцианалды түрде дайын болуың қажет.Бұл қойылым үшін бір ай, 3-4 аптадай дайындалдық».

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать