Балқаш  жылу  электр  станциясы  жылу  беру маусымына 100%  дайын

Балқаш  жылу  электр  станциясы  жылу  беру маусымына   жүз  пайыз  дайын. Аталмыш коммуналды мекеме 5 шақырым  магистральдық  және  кварталдық жүйені,оған қоса 7,5 шақырым канализациялық  пен  су  ағатын құбырды   ауыстырып  бітті. Бүгін  осындай  атқарылған жұмыстар туралы  қала  әкімі Александр  Аглиулин жергілікті  мәслихаттың  22 сессия отырысында айтты.  Жалпы  қаланың  тыныс –тіршілігі   жайлы есеп  берген басшының  айтуынша,  өңірде кәсіпкерлер саны  азайды.  Қазір   шаһарда  4032   адам   жеке  бизнесін  дөңгелетіп келеді.Оған қоса, қазіргі  күні қалада  қылмыстық  фактілер  саны  өткен жылмен салыстырғанда  3 пайызға  төмендеген  көрінеді.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать