Шаһарда көмекке мұқтаж оқушыларды қолдау жалғасуда. Бүгінгі күні «Мектепке жол» акцисы аясында 60 балаға оқуға қажетті заттар сатып алынды. Жалпы, республикалық қайырымдылық шара 1 — тамызда басталды. Үш аптаның ішінде қалалық білім бөліміне 34 ата-ана жүгініп, 60 балаға көмек керек деп өтініш жазғантын. Олардың хатын жерге тастамаған жомарт жандар қол ұшын беруден аянбады. Нәтижесінде, жаппай оқу қоры мен балқаштықтардан 1 млн-нан артық ақша жиналды. Оған 60 оқушы киім-кешек пен оқуға қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Ольга Садвокасова – қалалық білім бөлімінің бас маманы: «Мектепке жол акциясы мұнымен аяқталмайды. Шара 30 қыркүйекке дейін жалғасатын болады. Біз мұқтаж отбасылардан өтініштерді қабылдаймыз. Және көмек беремін деген адамдар да жүгіне алады».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login