Балқаштықтар көлік салығына 9 млн. теңге қарыз

Көлік салығын төлемеген балқаштықтар қазынаға 9 млн. теңге берешек. Бүгінгі күнге дейін былтырғы салықты 1100 адам өтемей жүр. Негізі, заң бойынша олар жылдың соңына қарай транспорт салығын төлеулері керек тұғын. Ал бұдан өзге мүлік және жер салығын өтеуден жалтарып жүргендер де бар. 2017 жылғы мемлекет салығына 300-ден аса балқаштық 140 мың теңге берешек. Сондықтан мамандар қарыздарды 1 — қазанға дейін өтеуге кеңес береді. Әйтпесе, құжаттар сот орындаушыларға жіберілетін болады.

Ләззат Әлібаева – қалалық кірістер басқармасының жеке тұлғалармен жұмыс бөлімінің жетекшісі
«Ескертеміз, тұрғын үйлер, пәтерлер, саяжай, гараждарға, жер үй ауласымен жеке меншік иелеріне 2017 жылдың салығын 2018 жылдың 1 — қазан айына дейін төленетін, яғни енді мүлік және жер салығының мерзімі бір жыл кешіктіріліп төленетін болады. Жергілікті салықтардың берешегін білу үшін Балқаш қаласының кірістер басқармасына келулеріңізге болады»

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать