Балқаш жаңалықтары 22 тамыз 2018

1) Балқаш көлінде қайғылы жағдай тіркелді. Тораңғалық кентінде бір адам суға батып,қаза тапты. Оқиға атамлыш кенттің демалыс орындарының қасында болды.

2)  Көлік салығын төлемеген балқаштықтар қазынаға 9 млн. теңге берешек. Бүгінгі күнге дейін былтырғы салықты 1100 адам өтемей жүр. Негізі, заң бойынша олар жылдың соңына қарай транспорт салығын төлеулері керек.

3) Шаһарда көмекке мұқтаж оқушыларды қолдау жалғасуда. Бүгінгі күні «Мектепке жол» акция аясында 60 балаға оқуға қажетті заттар сатып алынды. Жалпы, республикалық қайырымдылық шара 1-тамызда басталды. Үш аптаның ішінде қалалық білім бөліміне 34 ата-ана жүгініп, 60 балаға көмек керек деп өтініш жазған.

4) Балқашта қоқыс таситын жаңа көліктер пайда болды. «Балқаш Универсал» мекемесі Еуро стандартты екі жүк көлігімен толықты. Күні кеше Қарағанды қаласынан жеткізілген көліктер Ресей елінде құрастырылған.

5) Әлемде ең көп сатылатын көліктер тізімі жарияланды. Биылғы жылдың бірінші жартысында ең көп сатылған көлік -Тоуota Corolla. 6 айдың ішінде осы модельдің 611 мың данасы саудаланған. Ал екінші орында Ford F-Series. Оны 537 мың адам мінген.

Біздің Telegram — парақшамызға қосыл! Балқаш жаңалықтарынан хабардар бол!

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать