Балқаш жаңалықтары 14 тамыз 2018

Өзі қызмет еткен фирманы тонаған балқаштық әйел шартты түрде 5 жылға сотталды. Жеке меншік компанияда әкімгер болып жұмыс істеген келіншек 2 млн аса ақшаны қалтасына басқан. Анықталғандай әйел қызметтік жағдайын асыра пайдаланыпты. Кассаға ақша өткізбеген, Коммуналдық қызмет ақысын төлемеген. Оған қоса фирмадағы 11 теледидарды ломбардқа өткізіп жіберген.

Мәдениет сарайында еден ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Ауқымды жөндеу өткен жылы басталып, сырты жаңаланған болатын. Ал биыл ішкі қабырғалары боялып, төбесі жабылып, жертөле жөнге келтірілді. Қазір құрылысшылар залдың еденін ауыстыруда.

Бүгін Балқашта Астананың 20 жылдығына орай арнайы түсірілген көркем фильмнің тұсауы кесілді. Оны көруге кинотеатрға мемлекеттік мекеме қызметшілері, студенттер, мәдениет қызметкерлері және ұстаздар қауымы келді.

Балқашта садақ атудан өткен халықаралық жарыс бүгін өз мәресіне жетті. Қырғызстаннан және еліміздің өзге қалаларынан келген 30-дан аса қатысушы өзара мықтыларды анықтады.

Балқаштықтар фрисби спорт түрінен чемпион атанды. Қарағандыда әуесқойлар арасында алғашқы турнир өтті. Ал бұл қандай спорт? Қандай ережелері мен өзіндік ерекшеліктері бар? Оны келесі сюжеттен көрейік.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать