Балқашта құрбан шалатын орындар белгілі болды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2018 жылы Құрбан айт мерекесі тамыз айының 21-і күні басталатынын хабарлайды.

Биыл мұсылман күнтізбесі бойынша зүл-хиджа айының бірінші күні тамыздың 12-не, ал, Арапа күні 20 тамызға сәйкес келеді. Арапа – қажылар Арафа жотасында құлшылық ететін күн. Қажылыққа бармаған мұсылмандар үшін арапа күні ауыз бекіту – мұстахаб (жағымды) амал.

Балқаш ветеринария бөлімі жеке аулаларда ауыл шаруашылығы жануарларын союға қатаң тиым салады.

Жануарларды сою ветеринариялық-санитариялық Ережелерге сай мал сою алаңдарында, жүзеге асырылуы тиіс. Құрбан айтқа байланысты қаламызда төрт арнайы орын бекітілген. Олар: «Агрико-Ет» ЖШС, Степная көшесі,1., ЖК «Дюзбаева», Сванкулова көшесі,1

Рұқсат етілмеген орындарда мал сойғаны үшін қанша айыппұл күтіп тұрғанын және құрбандық қалай шалынатынын мына сілтемеге өтіп біле аласыздар:   ҚҰРБАНДЫҚ ҚАЛАЙ ШАЛЫНАДЫ 

 

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать