Келесі жылдан бастап сырттай оқу тоқтатылады

Келесі жылдан бастап сырттай оқу деген болмайды. Мұндай өзгеріс 2019 жэылдың 1 қаңтарынан бастап енеді. Ал ЖОО білім құнын өздері бекітелі.  Бұл туралы білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев хабарлады. Айта кетейік, 2018 жылдың 4 шілдесінде ЖОО академиялық және басқарушылық дербестікті кезең-кезеңмен кеңейту мақсатында заң қабылданған болатын. «Заңға сәйкес, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап сырттай білім алу жүйесі тоқтатылады. Бірақ қазір сырттай оқып жүрген студенттер оқуын аяқтауы тиіс. Ал мамандық алуды енді көздеп жүргендер осы жазда құжаттарын өткізіп үлгерулері қажет. Сондай-ақ, заңда ЖОО бакалавр бағдарламасын жеделдетілген режиммен аяқтауды көздейтін икемді білім бағдарламасын дайындау көзделген.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать