Оқу жылының басталуына 1 ай қалды. Биыл Балқашта 1000- нан аса бүлдіршін алғаш рет партаға отырып, оқушы атанады. Алғашқы күндер олар үшін қиын болары сөзсіз. Ал бала оқудан бас тартпас үшін мектепке қалай үйретуге болады? Мамандар кеңесіне құлақ түрейік.
Алғаш бірінші сыныпқа барған бала оқудан бас тартпас үшін оны мектеп өміріне жай-жайлап үйрету қажет. Міне осы мақсатпен №15 мектеп-лицейде кішкентай оқушыларға арналған арнайы курс ашылды. Мұнда 2 аптада 20 бала сабақ кестесіне үйреніп, мектеп өміріне бейімделеді. Әзірге 1 сабаққа 35 минут берілген. Әрқайсынан кейін балалар ойын ойнап, көңіл көтереді.
Мұндай курстар барлық мектептерде ашылды. Мұнда балалар ата-анасының қалауы бойынша келеді. Ереже бойына бүлдіршін алдымен даярлық сыныбында оқыған болуы тиіс. Десе де, балабақшадан кейін бірден бірініші сыныпқа келгендер де бар.
Торғын Имухаметова – бастауыш сынып мұғалімі
« Сабақ күнде-күнде сағат 9 — дан бастап 11- ге дейін жүргізіледі. Күніне тіл дамыту сабағы математикалық түсініктер қалыптасрыу сабағы өтеді. арасында ойын уақыттары берілген. Онда қимыл-қозғалыс ойндарын ойнатамыз.
Бала мектепке тек үйренісу үшін ата-анасының қолдауы қажет. Психологтар оқу жылы басталмай тұрып баламен бірге болашақ оқу орнына баруға кеңес береді. Өзіңіздің оқушылық өміріңіз жайлы әңгімелеп, сабаққа керекті заттарды бірге таңдау арқылы баланың оқуға деген қызығушылығын оятуға болады. Тағы бір кеңес, көп затты талап етпей, аздаған жетістігіне қуана білу қажет.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login