1.Жантүршігерлік жол апатынан зардап шеккен 6 айлық сәби реанаимациядан хирургиялық бөлімге ауыстырылды. Баланың ішіне ота жасалып, жарылған көк бауыры алынып тасталған болатын. Дәрігерлердің айтуынша қазір оның хәлі тұрақты.
2. «Балқаш энерго» мекемесі жұмысшы кентіне жарық тартуды бастады. Қазір мамандар Сәрсенбаев көшесінде жұмыс істеуде. Бұл аймақ жартылай жарықпен қамтылған.
3.ҰБТ қайта тапсыру үшін құжат қабылдау 3 тамызда аяқталады. Сол себепті шектік бал жинай алмаған оқушылар, ҰБТ нәтижесі жойылған түлектер және белгілі себептермен сынаққа қатыса алмағандар өз өтініштерін өткізіп үлгерулері қажет.
4.Балқаштықтар қорғаушылар мен медиаторлардан тегін кеңес ала алады. 6 тамыз күні қалалық сотта ашық есік күні өтеді. Тұрғындарды қабылдау таңғы сағат 10:30 басталып екі сағатқа созылады.
5.Балқаштың орталық кітапханасына 300-ден аса жаңа кітап әкелінді. Сөреде қазақ және орыс тіліндегі түрлі жанрдағы басылымдар пайда болды.
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login