Жұмысшы кентінің көшелеріне жарық тартыла бастады

«Балқаш энерго» мекемесі жұмысшы кентіне жарық тартуды бастады. Қазір мамандар Сәрсенбаев көшесінде жұмыс істеуде. Бұл аймақ жартылай жарықпен қамтылған. Ал қалған бөлігіне жақында 18 электр бағанасы орнатылды. Қазір кабель тарту жұмыстары жүргізілуде Электршілер сымдарды жалғағаннан кейін бүгін кешкісін 8 шамды іске қосып, жұмысын тексеріп көрмек.

Юрий Снегуров-«Балқаш энерго» КМК бас инженері

«Электр энергиясын үнемдейтін шамдар орнтамыз. Салыстырмалы түрде айтсақ, ескісіне қарағанда электр қуатын 40 пайызға үнемдейді. Ескі бағаналардағы шамдарды жаңасына ауыстырамыз».

Сондай-ақ Жұмысшы кентінде тағы 2 көшеде жарық пайда болады. Олар — 8 март және Железнодорожная. Қараңғы жерлерді жарықтандыру үшін 10 метірлік заманауи бағаналар орнатылады. Жұмысты аяқтау  қыркүйек айының соңына жоспарланған.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать