ҰБТ қайта тапсыру үшін құжат қабылдау 3 тамызда аяқталады. Сол себепті шектік бал жинай алмаған оқушылар, ҰБТ нәтижесі жойылған түлектер және белгілі себептермен сынаққа қатыса алмағандар өз өтініштерін өткізіп үлгерулері қажет. Балқашта осы жылы 16 түлек 50-ден аз ұпай жинаған. Соның 13-і сынақты екінші рет тапсыруға өтініш беріпті. Өкінішке орай олар енді тек ақылы бөлімге түсе алады. Ал қайта тестілеу қазақстандық ЖОО 15-19 тамыз аралығында өткізіледі. 5 пән бойынша. Олар: қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және екі бейіндік пән. Қайта тестілеуге қатысу үшін түлектер университеттегі қабылдау комиссиясына 3 тамызға дейін құжаттарын ұсынуы қажет. Сынақты қайта тапсыру құны — 2242 теңге. Төлем «Қазпошта» және халық банкінің бөлімшелерінде қабылданады. Бұл сыннан да сүрінгендер қаңтар айында өз бақтарын тағы бір сынай алады.
Баян Нұржанова- Облыстық ұлттық тестілеу орталығының қалалық филиал басшысы
«Ол балалар грнатқа үміткер бола алмайды. Қайта тестілеуге өтетін балалар ақылы түрде ЖОО түсу үшін арналған сынама тест».
Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login