Балқаштық бишілер Түркияда өткен халықаралық фестивальде жеңіске жетті

Балқаштық бишілер Түркия елінде өткен халықаралық фестивальде жеңіске жетті. Қаламыздағы өнер мектебінің «Ақ Маржан» тобы гран-при иегері атанды. Топтың 10 және 13 жастағы 16 мүшесі онда сюжетке толы 3 бимен сахнаға шыққан. Композицияның құрылымы мен биді орындау шеберлігін бағалаған қазылар алқасы балқаштықтарды бас жүлдеге лайық деп таныды. Өнер мектебінің тәлімгерлері Астанадағы республикалық жарыста бірінші орыннан көрініп, Түркияға жолдама алған болатын. Олар шетелде Молдавия, Румыния, Ресей, Болгария, Кипр, Әзербайжан секілді мемлекеттерден келген қатысушылармен сынға түсіп, гран приді жеңіп алды.

Арузат Дәулетқызы-«Ақ Маржан» тобының мүшесі
«Біз қазақша би биледік. Біз жақсы билеуге тырыстық. Содан гран-при ұтып алдық. Қара теңізге шомылдық, ұшақпен ұштық.

Для отправки комментария вам необходимо зарегистрироваться. Login

Комментировать